«Ризашылық – мейірімділік бұлағы»
1 наурыз-Алғыс айту күніне орай, «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында, мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен мектепте «Қолөнер-тәрбие көзі» атты көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу .