17
April
2019
Чемпионмен салауатты өмір салты
«Nur Otan» партиясының «Мектеп асханалары» жобасы аясында 16.04.2019 ж. («Чемпион мәзірі»-«Меню чемпиона») тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.М. Татенова мен С.Т. Тұрсынбаева 7-10 сынып оқушылары арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Самбо күресінен ХДСШ, ҚРЧ бірнеше дүркін чемпионы, Азия Чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, 2017жылы Әлем кубогінің күміс жүлдегері, 2017 жылы жабық ғимараттағы Азия ойындарының жеңімпазы Жұмабаева Динара Жүніспайқызы, Самбо күресінен ХДСШ, ҚРЧ бірнеше дүркін чемпионы, 2018 жылы Азия Чемпионатының жеңімпазы, 2017, 2018 жылдарындағы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері, 2017 жылы жабық ғимараттағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Ерболова Гүлнұр Ерболқызы келді. Іс-шараны мектебіміздің басшысы С.С. Долаев өзінің кіріспе сөзінен бастап, оқушыларды кездесуге келген қонақтар мен таныстырып өтті. Мектеп фельдшері С.Ю. Семенова «Дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану-денсаулық кепілі» тақырыбында мағлұмат берді. Чемпиондар дұрыс тамақтану мәдениетін үйрете отырып, мотивация беру, салауатты тамақтану тәжірибесі, түрлі додалар мен жарыстарда жүлдегер болу тек пайдалы асты пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстану қағидаларын насихаттады. Оқушыларды спортпен айналысуға шақырды. Шара соңында балалар өздерін қызықтырған түрлі сауалдарға жауап алып, «Салауатты өмір салты мен оқушылар арасындағы дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру» туралы білімдерін кеңейте түсті.
«»
«»