«Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" Education Department of Shu district
Reception room :
+7(7282) 24-52-93
bookkeeping:
+7(7282) 24-52-93
Version for
visually impaired
» » «Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік»
01
November
2019

«Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік»

«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ-де құқық бұзушылық пен нөлдік төзбеушілік бойынша жұмыс жоспары әзірленіп бекітілді. Жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілгендей, қылмыстың алдын алу және құқықтық тәрбие саласындағы нормативтік базаға негізделген сынып сағаттары, профилактикалық сұхбаттар, сабақтан тыс іс-шаралар, лекциялар, дебаттар өткізілді. Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар арасында қиындық тудыратын балаларға жүйелі мониторинг жүргізілді. Мектеп инспекторы М.А.Қозыляспен бірге оқушылардың тұрмыс жағдайларын зерделеу мақсаттарында рейд жүргіздік. Сынып жетекшілері, мектеп психологтары және әлеуметтік педагог оқушылардың үлгерімін, тәртіптерін сабақтан тыс уақытта да, сабақ кезінде де қадағалап отырады. Мектеп инспекторы «Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік» тақырыбында дәріс оқыды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Бақытжан, Н.Б.Нурбатырова, мектеп инспекторымен бірге «Менің өмірім - менің құқықтарым!» тақырыбында оқушылар арасында сауалнама жүргізді. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері ерекше назар аударатын балалармен жұмыс жасайды. Мектеп әкімшілігі жоғарғы сынып оқушыларын «Қоғамдық тәртіп ережелері» тақырыбында ақпараттандыру үшін жүйелі түрде жұмыс істейді. Тарих пәнінің мұғалімі Б.Н. Жұмабаева 11 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың себептері мен салдары» тақырыбында сынып сағаты, тарих пәні мұғалімі Ғ.М. Жарлығапова 6-7 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар үшін кінәлі кім?» тақырыбында әңгіме сағатын, тарих пәнінің мұғалімі С.М. Асанов 8-9 сыныптар арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясында баланың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыс жалғастырылуда.
Мектеп мәжіліс залында құқықтық мәдениетті жақсарту мақсатында іс-шараларды өткізуге бағытталған әлеуметтік маңызды жоба аясында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық пен қылмыстың, құқық бұзушылық пен «нөлдік» төзбеушіліктің алдын-алуға қатысты ақпараттық іс-шара өткізілді. 8-10 сынып оқушылары осы тақырыптағы мәселелерді талқылауға белсене қатысты.
Мектепте оқушылардың сабаққа қатысуы мектеп әкімшілігі, кезекші сынып жетекшілер тарапынан күнделікті бақыланып отырады. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп фельдшері, денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесе жиындар өткізді. Мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс, тиімді пайдалануда мектепте спорттық және көркем-эстетикалық бағытта үйірмелер мен спорт секциялары ұйымдастырылған. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселері бойынша ата-аналар жиналыстары өткізілді. Қолайсыз отбасынан шыққан оқушылар, «тәуекел топтарындағы» балаларды мәдени ойын-сауық орталықтарына, спорт, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарына (мұражай, театр, спорт сарайларында өтетін іс-шараларға) тегін баруы қамтамасыз етілген. Қолайсыз отбасыларды, сонымен қатар, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау үшін білім беру, ювеналды полиция өкілдерінің қатысуымен үйлерді (жылда екі рет) аралау ұйымдастырылған. Балалардың психикалық-эмоциялық жағдайына әсер ететін қатыгездікті, зорлық-зомбылықты, басқа да теріс әрекеттерді насихаттайтын сайттарға, кәмелетке толмағандардың ар-намысына нұқсан келтіретін және қандай да құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға итермелейтін әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, мектеп психологтары жұмыс түрлерін ұйымдастырып, бақылап отырады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған «Қауіпсіз мектеп», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акцияларға белсенді қатысады.

«Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік»
«Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік»
«Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік»
«Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік»
«Қылмыстың алдын-алу және нөлдік төзбеушілік»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив