14
November
2019
"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы"
Қазанның 25 күні мектебімізде отбасының шешуші рөлін тану негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу - "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында бастауыш, орта және жоғары сыныптарында "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптарында ойын сабағы түрінде жүргізілсе, орта мен жоғары сыныптарында пікірталас және дебат, дөңгелек үстел формалары орын алды.