14
февраль
2020
Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау
13 ақпан күні қалалық пән олимпиадасы жүлдегерлерін марапаттау салтанатты жиыны болып өтті. Шараға Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының жүлдегер оқушылары да қатысты. Мектеп бойынша осы оқу жылында барлығы 23 оқушы пәндер бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінді. Сонымен қатар мектебіміз қала мектептері арасында олимпиада жүлдегерлерін дайындауда озық шығып, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша «Best олимпиадалық команда» номинациясын жеңіп алды. Бұл жеңістің артында оқушылардың таудай талабы мен ұстаздардың қажырлы еңбегі жатыр. Жүлдегер оқушыларды және мектебіміздің ұжымын осындай елеулі еңбегінің марапатталуымен құттықтаймыз. Білімді ұрпақ дайындаудағы еңбектерінің еселене берсін, құрметті ұстаздар!