The president Қасым-ЖоMarch Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйледі.
Еліміздің The presidentі Қасым-ЖоMarch Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Елімізде өткен сайлауда сайланған жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына алдағы жұмыстарына табыс тілей отырып, жаңа құрамның еліміздің тәуелсіздгінің мерейтойымен тұспа тұс келгендігін де атап өтті.
Өз сөзінде Қасым-ЖоMarch Кемелұлы: «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетін болады. Барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек. Main басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз»,- деді. Шынымен де, уақыттың өзі халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әл-ауқатын көтеру кезек күттірмейтін мәселе екенін дәлелдеп берді.
Өз сөзінде Қасым-ЖоMarch Кемелұлы алдыға қойған мақсатқа жетуде біраз салаларда: білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы жүйесінде өзгерістер болатынын атай келе, басымдықтарды атап өтті. Білім саласында оң өзгерістер болып жатқаны бәрімізге аян. Мұндай оң өзгерістер тек бастамасы ғана. Алда бұдан да ауқымды жұмыстар мен оң өзгерістер болатынына ұстаз қауымы үлкен сенім білдіріп, қолдауда.
Қазіргі кездегі халық пен биліктің арасындағы сенімділікті нығайтуға күш салу керек екендігіне баса назар аудару да маңызды түйіндерді шешуге көмектесетіні анық. Сонымен қатар, мемлекет басшысы азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау мәселелерін де ұдайы назарда ұстау қажеттігін айтты.
«Менің негізгі ұстанымым – қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен, Парламентте талқылануға тиіс. Қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керек. Азаматтардың наразылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнату – басты талаптың бірі. Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу», – деді Мемлекет басшысы.
Ендеше жаңадан сайланған халық қалаулыларынан елімізде орын алған барлық түйінді мәселелердің шешілуіне бар күш-жігерін жұмсайды деген сенімдеміз.