«Қазақстан халқы тілдер күні»
«Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесіне орай...
«Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесі аясындав Абай Құнанбайұлының 175 мерей тойына орай 2020 жылғы 10 қыркүйекте бастау алған өзге ұлт өкілдері арасында челлендж ұйымдастырылды. Онлайн челендж үш номинация бойынша өтті:
- «Адамдықтың бәрін сүй, бауырым деп...» Абай Құнанбайұлының қара сөзін жатқа оқу;
- «Құлақтан кіріп, бойды алар...» Абай әндерін орындау
- «Өлең - сөздің патшасы» Абай өлеңдерін жатқа оқу.
Шараға қала мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарынан 57 үміткер қатысты. Қазылар алқасы челендж талаптарын толық орындағын 10 жүлдегерлерді анықтады. Оның ішінде «Абай атындаңы №1 орта мектеп- гимназиясы» КММ 3 сынып оқушысы Ким Олег «Өлең-сөздің патшасы» атты номинацияда диплом иегерленді. Жетекшісі: Тұрсымбаева С.Т.