«Алғыс айту күні»
«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» Education Department of Shu district бойынша 1 наурыз – «Алғыс айту күніне» орай 26.02.2021 күні 1 – 4 сынып оқушылары арасында «Әлемге мейірімділік көзімен қарау» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/CL3bHiwHOSO/?igshid=1x2ff0dd3c9b6
Сонымен қатар, 5 – 6 сыныптар арасында «Ризашылықтың шегі жоқ» тақырыбында онлайн – әңгіме ұйымдастырылса, еріктілер тобы «Алғыс айту күні» қарсаңында мектеп өкілдерінің қатысуымен, аз қамтылған отбасыларға және мектебіміздің ардегер мұғаліміне қайырымдылық акциясын өткізді. 01.03.2021 күні мектебіміздің жас мамандары этнос өкілдері жастар арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында челлендж ұйымдастырса, мектебіміздің 9 сынып оқушылар № 28 орта мектептің «Шын жүрекпен алғыс айтамын» тақырыбында жолдаған челленджін қабыл алып,келесі кезекті №2 және №4 орта мектеп оқушыларына жолдады. https://www.instagram.com/p/CL3bWVNnLiU/?igshid=fn9bn3lmyjvd
Сондай ақ, 9 – 10 сынып оқушылары «Мейірімділік пен ризашылық» тақырыбында бейнематериалдар дайындады, 7 – 8 сынып оқушылары «Жылы сөз, игі іс» тақырыбында қашықтықтан эссе жұмыстарын жазды. https://www.instagram.com/p/CL3ZR8DnLdB/?igshid=1wj94xbgb6iwa Дәл осы күні 7 «Б» сыныбы «Қазақстан еліне алғыс!» тақырыбында ашық онлайн тәрбие сағатын өткізіліп, мектебіміздің 7 «Г» сынып оқушысы Халыкова Милена Талдықорған қаласы Жетісу телеарнасы «Таңжарық» бағдарламасының тікелей эфиріне арнайы шақырылып 1 наурыз «Алғыс айту күніне» орай Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқыды.