«Біргемін мен сендермен»
«Біргемін мен сендермен» тақырыбында библиографиялық шолу.
Мектеп кітапханасының қызметкерлері, 7 «А», «Б» сынып оқушылары арасында қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтің 85 жыл толуына орай «Біргемін мен сендермен» тақырыбында библиографиялық шолу өткізілді. Оқушыларды Төлеген Айбергенов әлемімен таныстыру. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, Т.Айбергенов лирикасының өзіндік ерекшелігін айқындау. Жеке тұлғаның өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге, алған білімдерін өз бетінше қолдануға, шығармашылықпен іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық белсенділігінің артуына жағдай жасау. Мейірімділікке, туған жерін, ананы сүйіп-құрметтеуге, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.