14
March
2022
Жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы
Талдықорған қаласы «Абай атындағы №1 орта мектеп – гимназиясы» КММ бойынша 1 – 11 сыныптарының ата – аналары арасында жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналысқа «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ сектор меңгерушісі – Куджаков Ғалым Жабықбайұлы және қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі қатысып, ата-аналармен кездесті.
Күн тәртібінде:
1. Құқықбұзушылықтың алдын алу, бала құқығы туралы мәселелер.
2. Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі" туралы заңы.
3. Әртүрлі мәселелер қарастырылды.