«Ауғанстан – жүректегі жара»
2022-2023 оқу жылындағы «Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында, «Ұлы-дала мәдениетін, тарихын, мұраларын ұрпақтан ұрпаққа» жобасын іске асыру үшін, қала мектептер арасында өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың ішінде «Ауғанстан – жүректегі жара» тақырыбы Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы мен және Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасымен «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ-не бекітілген болатын.
3.03.2023ж күні мектебімізде «Ауғанстан – жүректегі жара» атты тәрбиелік -танымдық кеші өткізілді
Мақсаты: Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу. Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін ұрпаққа үлгі ете отырып, оларды ұлт жандылыққа Отанын сүюге тәрбиелеу.
Бағдарламасы:
1-бөлім. «Ауғанның ағыны»
2-бөлім. «Антына адал азаматтар» Жаралы жауынгер монологы
3- бөлім. «Ұмытылмас есімдер»
4-бөлім. «Ауған ақиқаты»
І-шара идеясын, сценарийін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім Досыкенова А.Р. дайындады.
Іс-шараға 7Ә, 7Б, 8А, 8Ә, 9А, 9Ә, 9Б, 10А, 10Б сыныптарынан 150 оқушы қатысты.
Қонақтар:
1) Ерғожанов Еркін Асқарұлы – Жетісу облысы, Әуе десант ауған соғысы қоғамдық бірлестігінің төрағасы
2) Айнеков Марат Сейтаевич – ауған соғыс ардагері
3) Омаров Амангельды Жумаханович – ауған соғыс ардагері.
Әділқазы алқасына-ардагелер үйінен 5 әжеміз келіп қатысты.
Олар:
1)Каримова Гүлнар Ақойқызы – қалалық ардагерлер әдістеме меңгерушісі
2) Шаңғожанова Нұртай Уәлиқызы -қалалық әжелер төрайымы
3)Сағатбекова Нәзипа Қапанқызы
4)Сейітқұлова Дәнегүл Рақымқызы
5) Исаева Светлана Нұрғазықызы