Сыңғырла күміс қоңырау – салтанатты жиын
1 маусым -Халықаралық балалар күнінде "Абай атындағы #1 орта мектеп-гимназиясы" КММ бойынша 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты «Жаңа Қазақстан-болашаққа бастар жол» атты салтанатты жиын өткізілді.
Мақсаты: Мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру, педагогтарға, ата-аналарға, мектеп достарына алғыс сезімін, туған мектебіне құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Жиынға қатысқан қонақтарымыз: Қалалық білім бөлімі басшысының кеңесшісі, білім беру саласының ардагері Бақтыбаева Қ.Ш сондай -ақ ТЖ қызметінің инженері лейтенант Ержанатұлы Ілияс, ата-аналар комитетінің төрағасы Чепурченко М.ТЖиынға: мектеп ұстаздары, ата-аналар, 1,4,9,11 сынып оқушылары қатысты. Іс – шара сағат 9.00-де басталды, ұзақтығы 45минут болды. Іс-шара 11 сыныптың 80 түлегін қошеметеу рәсіміннен басталды.
Мектеп директоры А.К.Айдымбаева мектеп оқушыларын, бітірушілерді мерекемен құттықтап сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізді.