25
January
2018
«Алтын шайба»
Допты хоккей — командалық спорт ойынының бір түрі. Ол мұз айдынында өткізіледі. Бұл ойынның XX ғасырдың 50-жылдарына дейін екі түрі болған: батыс еуропалық хоккей — бенди және «орыс хоккейі». Допты хоккей Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде қарқынды дамыды. Халықаралық федерациясы 1955 жылы құрылып, бірыңғай ережелері қабылданды. 1957 жылы алғаш рет дүниежүзілік чемпионат өткізілді.
Қазақстанда допты хоккей XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамып келеді. «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау барысында қала мектептері арасында хоккейден турнирі ұйымдастырылуда. Бірінші кездесу №1 орта мектеп-гимназиясының хоккей алаңында өтті. Бес мектептің командасы қатысты. І орын №1 мектеп, ІІ орын №5 мектеп, ІІІ орын №4 мектеп алды. Екінші кездесу №12 мектептің хоккей алаңында өтті. І орын №8 мектеп, ІІ орын №1 мектеп, ІІІ орын №12 мектеп иеленді. Үшінші кездесу №5 мектептің хоккей алаңында өтті. Жүлделі І орынды №1 мектептің хоккей командасы, ІІ орын №5 мектеп, ІІІ орын №7 мектеп командалары иеленді.