14
февраль
2018
«Шынықсаң шымыр боласың»
2018ж. 10 ақпан күні оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту, жаман әдетттерден аулақ болу мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жобасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай 7 «А, Б, В» сынып оқушылары арасында «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық-эстафеталық жарысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог ұйымдастырушы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. Жарыс 9 кезеңнен (допты алып жүгіру, допты алып жүріп себепке дәл лақтыру, математикалық есеп орындау, секіртпемен секіру, топ басшы сайысы, қаппен жүгіру, арқан тартыс, шығыршықпен эстафеталық жарыс, поез ) тұрды. Әр кезең сайланған әділқазы мүшелерінің 5 балдық бағалануымен бағаланды. Әр кезеңнің бағасы көрсетіліп, балдық жүйесі айтылып отырды. Оқушылар белсенділікпен қатысып, жарыс өте қызықты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 7 «А» сынып командасы «Ең мықты команда», 7 «Б» сынып командасы «Ең ұйымшыл команда», 7 «В» сынып командасы «Ең алғыр команда» номинацияларын иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталып, сыныптағы кітапхана қорына әдеби кітаптар сыйға берілді. Оқушылар мол әсер алды.
В рамках «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» 10 февраля 2018г. с целью пропаганды спорта, активного и здорового образа жизни, в спортзале школы проведена спортивная эстафета, посвященная 20-летию города Астаны, среди 7 «А», «Б», «В» классов. Учащиеся соревновались по 9 видам состязаний, где проявили ловкость, силу. По завершению соревнований, команды были награждены грамотами по номинациям: «Самые сильные» , «Самые ловкие», «Самая сплоченная команда».