"Заң және тәртіп: Болашағым- заңмен бірге. Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік мәдениеті"
16.10.2025жылы "Адал азамат" біртұтас тәрбие жоспарына негізделген 7-10 сынып оқушыларымен "Заң және тәртіп: Болашағым- заңмен бірге.Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жетісу облысы әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Қуанышбаев Қайрат Серікұлы, Жетісу облысы полиция департаменті, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Мухметов Кайсар Жаксылыкович, Талдықорған қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегң учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Мужукова Меруерт Жумабековна және Талдықорған қаласы білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша әдіскер Джакубаева Ұлжанат Ауелхановна қатысып, оқушыларымен еркін форматта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
