Activity » Страница 4 » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" Education Department of Shu district
Reception room :
+7(7282) 24-52-93
bookkeeping:
+7(7282) 24-52-93
Version for
visually impaired
Мектепішілік бақылау
01
October
2025
Мектепішілік бақылау
Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясы  мұғалімдік кеңес  өткізілді 01.10.2025 күні қыркүйек айында жүргізілген мектепішілік бақылаудың қорытындысы бойынша директор жанындағы кеңес өткізіліп, күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қаралып, шешім шығарылды.
«Бала қауіпсіздігі-басты назарда», «Құқық пен тәртіп» тақырыптарында өткен ұлдар жиналысы
28
февраль
2025
«Бала қауіпсіздігі-басты назарда», «Құқық пен тәртіп» тақырыптарында
          2025 жылдың  ақпан айының 28 жұлдызында мектеп директоры А.Айдымбаеваның қатысуымен  5-6 сыныптар арасында ұлдар жиналысы өткізілді. Ұлдар жиналысының мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әр құқықбұзушылықтың артында жауапкершілік пен жаза болатынын түсіндіру, мектеп ережесін қатаң сақтау болды. Елімізде кәмелетке толмағандар арасында   орын алып жатқан құықбұзушылықтар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар осы мәселеге қатысты өз пікірлерімен бөлісті. 
«Ата-әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі» атты танымдық іс-шарасы
26
февраль
2025
«Ата-әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі» атты танымдық іс-шарасы
2025 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында мектеп қабырғасында «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында,  «Ата-әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі» атты қалалық танымдық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара мақсаты:  жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу .  Іс-шара Талдықорған қаласы
«Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу
24
февраль
2025
«Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу
Біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделген Ақпан айындағы "Жасампаздық пен жаңашылдық" дәйек сөзі негізінде "Жаныңда жүр жақсы адам" тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына өнер адамдарының өмірлері мен жеткен жетістіктерін айта отырып, құқықбұзушылықтың алдын, тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Дарын жастар сыйлығының иегері  М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының актрисасы Назгүл Қарабалина және 2023 жылы "Ең үздік театр
«Талдықорған әкелері» атты спорттық жарысы
20
февраль
2025
«Талдықорған әкелері» атты спорттық жарысы
2025 жылдың 20 ақпан күні А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебінде «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы, «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Талдықорған әкелері» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, іс-шара арқылы әкелер мен балалардың қарым-қатынасын нығайту. Аталған жарысқа №1, №6, №7, №9 мектептің әкелер кеңесі мүшелерінен құралған командалар қатысты. Командалар құрамы спорт түріне қарай жасақталды, спорттың
"Бала қауіпсіздігі басты назарда"
17
февраль
2025
"Бала қауіпсіздігі басты назарда"
Жетісу облыстық білім басқармасының ықпалымен "Бала қауіпсіздігі басты назарда", "Биіктен құлау", "Ашық терезеден абай бол" деген тақырыптарда сынып сағаттары ұйымдастырылды. 
Төтенше жағдайлар Департаментінің мамандарымен кездесу
14
февраль
2025
Төтенше жағдайлар Департаментінің мамандарымен кездесу
Ағымдағы жылдың 14-ақпанында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мектебімізде Төтенше жағдайлар Департаментінің мамандары 8-9 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, қауіпсіздік шаралары туралы түсінік берілді. 
«Отты жылдар»  атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
13
февраль
2025
«Отты жылдар» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні мектебімізде 15-ақпан Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай, «Отты жылдар»  атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Ауған соғысның ардагерлері Сулейменов  Омирсерик Амралиевич пен  Алекеев  Ельтай Турсунович қонақта ретінде шақыртылды.  Жиында оқушылар  Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сұрапыл соғыс жайлы мағлұмат алып, бойларында патриоттық сезім ұялатып, өрелік қабілеттері кеңейгендей.
«Ер есімі – ел есінде»
10
февраль
2025
«Ер есімі – ел есінде»
2025 жылдың 10 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 15  ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ауған соғысы - 1979 - 1989 жылдар арасында созылған КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.1989 жылы 15 ақп а нда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды.Он жылға созылған Ауған соғысында 620 мыңға жуық Кеңес
«Әкелер мектебі» жобасы
06
февраль
2025
«Әкелер мектебі» жобасы
«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» Education Department of Shu district «Әкелер мектебі» жобасы аясында өткен волейбол жарысы бойынша- АҚПАРАТ-6.02.2025 2025 жылдың 6-ақпан күні метебімізде «Әкелер мектебі» жобасы аясында, үштік одақ: ата-ана, оқушы, ұстаз арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа оқушылар да, мектеп ұстаздары да белсене ат салысты. Жарыс нәтижесі: 1-орын-Ұстаздар, 2-орын-Әкелер, 3-орын-Оқушылар