«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу»
Абай атындағы №1 орта мектеп-гимнзиясындағы педагогтер заман ағымынан қалMay, жоспар бойынша бекітілген шараларды атқаруда. Оқу жылы бойында қашықтан оқыту форматына қарамастан, біліктілігін арттыруда. Түрлі деңгейдегі біліктілігін арттыру курстарына қатысып, өз біліктілігін жетілдіру үстінде.
«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» тақырыбында біліктілік арттыру курстарынан өткен тренерлер ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап мектепішілік «Іс-әрекетті зерттеу» тақырыбында курсты бастап кетті. Мектепішілік тренерлер: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Досыкенова А.Р., Г.Д.Иманбекова, Б.К.Суйгенбаева, математика пәні мұғалімі Г.Б.Молдакулова, бастауыш сынып мұғалімдері Г.М.Тынышбаева, Г.Имангалиева және технология пәні мұғалімі Х.Ж.Кошманова, география пәні мұғалімі Ж.Ж.Канагатова. Аталған мұғалімдер мектепішілік курсқа қатсатын мұғалімдердің тізімін белгілеп, тақырыптар бойынша шаралар атқаруда.