«Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдер»
Қашақтықтан оқыту кезінде жас мамандарға көмек көрсету мақсатында қалалық тәлімгерлер қауымдастығы құрылған жоспар бойынша әртүрлі іс –шаралар өткізіп келеді. Бүгін Абай атындағы №1орта мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәлімгер Алимбекова Жұмағыз Жолшиевна «Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдер» тақырыбында шебер – сынып көрсетіп, жас мамандармен іс – тәжірибе алмастым.
« Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдер» - сабақ басында оқушы зейінін тақырыпқа аудару үшін әр түрлі суреттер мен мақал – мәтелдерді, өлең үзінділерін қолданамын.
- Тақырыпты ашатын видео көрсету әдісі – Видеоны көріп болған соң, сөздік қоры жететін оқушы осы тақырыпты өзі жалғастыруға деген ынтасы пайда болады.
- Бір сөйлемге 3 түрлі сұрақ қою әдісі – Мысалы: Нұрсұлтан қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы.1. Нұрсұлтан қандай қала? 2. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала? 3.Нұрсұлтан қаласы Қазақстан Республикасының несі?
- «Шағын дәрістер» әдісі – Сабақ тақырыбы туралы қысқаша мәлімет беру, әңгімелеп беру (бұл әдісті оқушы да, мұғалім де қолдануына болады).
- Мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру – бұл әдіс ең қолжетімді, сабақ үстінде бірнеше рет қолдануға болатын өте ыңғайлы әдіс.
- БЛУМ ТҮЙМЕДАҒЫ (топпен жұмыс) – жапырақшаларға әр оқушыға өз ойын жазады, басқа оқушы жауап береді, оқушыларға өз ойын жазуға, сұрақ қоюға мүмкіндік беретін әдіс.
- «Веер» әдісі(жұппен жұмыс) -Не қызық болды? Неге қызық болды?
Дәлелдеңіз... – мәтінмен жұмыс кезінде және сабақты қорытындылау кезінде өте жақсы нәтиже береді, түсінбей қалған сұрақтарын жазатын оқушыларда болады, бұл мұғалімге ендігі сабаққа дайындық кезінде қолдануға мүмкіндік береді.
7. «МИКС» жаттығуы1 - топ өлең шығару; 2 - топ бір әннің мелодиясына салып орындау ; 3 - топ мақал–мәтелдер айту; 4 - топ мимикалық көрініс көрсету – оқушының қабілеттерін ашуға үлкен көмек болады.
8. Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...» - сабақты 1 сөйлеммен қорыту.