11
November
2018
«Біз өмірді таңдаймыз!»
9 қараша күні Талдықорған қалалық психикалық сауықтыру орталығының психиатор дәрігері М.О.Әуелбай, психологы М.М.Болатова «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің 8- сынып оқушылары арасында «Біз өмірді таңдаймыз!» атты тақырыпта лекция оқып, бейнежазба көрсетіп оқушыларға өмір сүрудің қаншалықты маңызды екені туралы айтты. Ата-ана үшін баланың, бала үшін ата-ананың аман-саулығы туралы әңгіме етті. Он екі мүшесі сау адаммен қатар бір мүшесі кемтар адамның өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы өте жоғары бола алатындығ жайлы бейнежазбада көрсетілді. Салауатты өмір сүру орталығымен мектебіміз тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Салауатты өмір сүруді біздің оқушыларымыз ұстанады. Осы мақсатта 1-4 сынып оқушылары арасында «Әлем неткен керемет!» атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге бастауыш сынып оқушылары қызығушылықпен қатысты.