07
December
2018
«Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
05.12.2018 ж. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Т. Тұрсынбаева. Д.М. Татенованың ұйымдастыруымен 9 «А», «Б» сынып оқушылары «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Скажи коррупции нет!» үндеуін айтып, топтық биін биледі. Себебі: сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі тиіс, ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекет бірігуі тиіс. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықтың көріністері азаяды.