Қамқоршылық кеңес жиналысының № 2 ХАТТАМАСЫ
«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ
Қамқоршылық кеңес жиналысының
№ 2 ХАТТАМАСЫ
Күні: 24.12.2021 ж.
Қатысқандар саны: Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, мектеп әкімшілігі.
Қатыспағандар саны: 3
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалар, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар тізімімен танысу. Шыршаға (президенттің, қала әкімінің) баратын оқушылар тізімін бекіту. 2. «Орта білім беру ұйымдарының бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсауы». 3.Әртүрлі мәселелер.
Бірінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы А.А.Ускембаева 2021 – 2022 оқу жылының әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары жасалып бекітілді, әлеуметтік статусы бойынша
Жетім бала – 1, ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 2, Көпбалалы отбасы – 73 аз қамтылған – 44 отбасынан шыққан оқушылар анықталып, тізімі бекітілді. Ай сайын аз қамтылған, көпбалалы, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпыға бірдей білім беру қорынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Жыл сайын өтетін жаңа жыл мерекесінде жетім бала, көпбалалы, аз қамтылған, Қала әкімінің шыршасына қатысатын 6 - оқушылар тізімі бекітілді. Сыйлыққа ұялы телефон мен тәттілер берілген туралы сөз салды.
Екінші мәселе бойынша мектеп директоры сөз алды. Бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсау бойынша тоқталатын болсақ:
2021 жылға барлығы -565 млн. тг көлемінде қаражат бөлінді.
Оның: 500млн.тг-ден аса -мұғалімдердің жалақысы+(мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, сауықтыруға, мұғалімдер медициналық тексеруден өтуіне, жұмысқа жарамсыз парағына төленетін қаражат)
1млн.804 мың тг. – тегін ыстық тамаққа бөлінді
6млн.087 мың тг. – жетім, ата-ана қамқорынсыз
қалған, көпбалалы, азқамтылған оқушыларға көмек
45млн.227 мың тг. – салық төленді
6млн. 100 мың тг. – коммуналдық қызметтерге
«Жетісу» Күзет – 915 мың тг.
Кеңсе және шаруашылық заттарына – 650 мың тг.
Қалған сомма (байланыс және интернет қызметтеріне, қоқыс шығару, дезинфекцияларға, істен шыққан компьютерлерді жөндеуге, счетчиктерге, газет-журналдарға жазылуға сонымен қатар стендтерге) жұмсалды.
Шешімі:
- Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалар, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылармен жұмыс жоспарға сай жүргізілсін.
- Шыршаларға баратын оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін.
- Бюджеттен бөлінген қаражат жайында ақпарат мектеп сайтына жүктелсін.
- Жоспар бойынша келесі қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілсін
Қамқоршылық кеңес төрағасы: В.В.Тен
Хатшы: Ускембаева А.А.