02
декабрь
2019
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
2019 жыл 29 қарашада «Абай атындағы №1 орта мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылар бойында Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу мен дамуындағы рөлі туралы түсінікті, қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты республикалық ашық сабаққа өз үлестерін қосты.
29 қараша күні 1-11 сынып арасында ашық сабақтар өткізіліп, 1509 оқушы қамтылды. Іс – шара барысында 7-10 сынып арасында – «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» эссе байқауы, 1-4 сынып арасында – «Менің отаным - Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылды.