«Алғыс айту күні» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2020

«Алғыс айту күні»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығына сәйкес 1 наурыз елімізде «Алғыс айту күні» аталып өтіледі.
Осыған орай, мектебімізде Алғыс айту күнін атап өту мақсатында апталық жоспар құрылып, бекітілді.
Жалпы білім беретін мектептерде «Парасат» сағаттары өткізілді.
1-11 сынып арасында ата – аналарының тәрбиелегені, қамқорлығы мен қолдауы үшін балалардың алғыс білдіруі мақсатында «Ата – анам – алтын тұғырым», «Отбасы – алтын діңгек», «Ата – анам және мен», «Ата – анама мың алғыс!» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарына ата – аналар мен балалардың апа – аталары қатысты.
Сонымен қатар, «Ұлағатты ұстазым» тақырыбында өлең, эссе, арнаулар мен «Ашық хаттар» жазу, сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
1-11 сыныптар арасында «Алғыс айту парызым!», «Мен алғыс білдіремін», «Алғыс сөздің асылы» атты ардагерлер мен қайырымдылық жасаушылармен бірге сынып сағаттары өткізіліп, іс-шаралардың жұмыстары жинақталды.
«Мың алғыс айтамын!» тақырыбында МОК (мектепішілік оқушылар кеңесі) мүшелерінен топ құрылып, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдеріне, оқушыларына, медбикесіне, тазалықшыларына, аспаздарына, кітапханашыларына жылы тілек жолдап, флеш – моб билеп құттықтады.
Апталық «Ұстазыма рахмет!» концерттік бағдарламасымен аяқталды. Іс – шараға ардагер ұстаздар шақырылып, оларға құрмет – қошемет көрсетілді.
Әр бір шақырылған қонаққа үлкен тағзым көрсетіліп, «Алғыс хаттар» тапсылыды.
Алғыс айту күні – ел дамуының қазіргі кезеңінде мерекеленетін,ортақ тарихымызға негізделген азаматтық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға ықпал ететін мейрам. Бұл – біздің өткен тарихымызға деген тағзымның белгісі, әралуан ұлт өкілдерінің бір – біріне өзара қолдау және құрмет білдіруінің айғағы. Нәтижесінде барлық сыныптар іс – шараға белсене қатысып, балаларға рухани тәрбие, рухани азық бере білді.

«Алғыс айту күні»[/center]
[center]«Алғыс айту күні»
«Алғыс айту күні»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив