«Күншуақ» жазғы алаңының 1 кезеңі бойынша ақпарат » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Күншуақ» жазғы алаңының 1 кезеңі бойынша ақпарат
09
июнь
2023

«Күншуақ» жазғы алаңының 1 кезеңі бойынша ақпарат

Жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы алаңына   1 аусымда  180 оқушы болды.  Жазғы алаңның 1-ші ауысымы  өз жұмыстарын 05 маусымнан - 09 маусымға дейін жүргізді. «Күншуақ» жазғы алаңында 12 топ және әр топта 15 оқушыдан тәрбиешілердің жауапкершілігіне алынды. Оқушыларға қауіпсіздік техникалық ережелер түсіндіріліп отырылды. (саяхат кезінде оқушылардың өзін-өзі ұстаулары, жол ережелерін ескерулері, бассейнде, кинотеатрларда ұстанатын кауіпсіздік ережелері т.б. ). Жазғы алаңда жауапты басшылар мен педагогикалық тізім: мектеп директоры – А.К. Айдымбаева,  лагерьге жауапты директордың тәрбие-жөніндегі орынбасары - Н.Б. Нурбатырова,    1-ші айналым бойынша лагерь басшысы Т.С. Ескендір, аға тәлімгер Ж.Е. Бестибаева, мектеп медбикесі С.Ю. Семенова, тәрбиешілер: 

1.Алтынбекова Ж.С

2. Имангалиева Г.М.

3. Крыкбаева Г.К

4. Ахан Қ.А.

5. Дюсенова Г.О.

6. Липовская А.А.

7. Агзамова А.Е.

8. Нуртилеуова Г.М.

9. Бестибаева Ж.Е.

10. Жағабаева К.Ж.

11. Джанабердиева А.Д

12. Тимофеева Н.А.

Топ атаулары: «Жалын», «Жігер», «Құлыншақ», «Жұлдыздар», «Солнышко», «Улыбка», «Лучики», «Балдырғандар», «Қыран», «Сұңқар», «Радость», «Орлята». 1 –ші ауысымда бекітілген күн тәртібі және өз жоспары құрылып бекітілді. Құрылған жоспар толық орындалды, күнделікті жоспарланған іс-шаралар жоспар бойынша өтті. Оқушылардың демалысын және бос уақытын ұйымдастыруда төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды: шығармашылық, танымдылық, көңілді спорттық ойындар, экологиялық тәрбие (саяхаттар ұйымдастыру), қызығушылықтары бойынша жұмыс, тұлғасын дамыту, дене және психикалық, эмоционалдық  тұрғыда денсаулығын жақсарту, табиғатты қорғауға баулу.


Денсаулықтарын нығайту, бұлшықеттерін дамыту негізінде күнделікті ән ырғағы арқылы таңғы жаттығулар өткізілді. Оған жауапты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Станов Д.  болды.


Бекітілген жоспарға сәйкес лагерь демалушылары күн сайын әр түрлі саяхаттар жасады және олармен әр түрлі тақырыпта әңгімелер жүргізіліп отырылды. Олар: «Әрқашан күн сөнбесін», «Жол тәртібін білейік, аман –есен жүрейік», «Салауатты өмір салтын сақтайық», «Қауіпсіз саябақ».

5.06.2023 Лагердің алғашқы күнінде «Күншуақ» жазғы алаңының ашылуы өткізілді. Ашылу салтанатты жиынында оқушылар бір-бірінің өнерлерін тамашалап, жақсы көңіл күйде болды. Лагердің ашылу салтанаты «Орталық саябаққа» саяхат жасаумен жалғасын тауып, оқушылар саябақта «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында сурет салды. 

6.06.2023ж күні  Оқушыларды жоспар бойынша «City Plus»  кинотеатрына кино көруге барды. Кинотеатрда оқушылар 2-ге бөлініп қыздар «Русалочка» мультфильмін көрсе, ұлдар «Человек паук» мультфильмын көрді

7.06.2023ж күні оқушыларымыз «Ардагерлер саябағына» көкке шықты. Саябақта оқушылармен «Қауіпсіз саябақ»  тақырыбында әңгіме жүргізілді. 

8.06.2023ж  күні Лагердегі бір күнді сондай-ақ «Family Park» бассейніне баруға арнады. Оқушылардың уақыттарын қызықты өткізуге, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануға жол көрсетуге тәрбиешілер мен «Family Park» бассейнінің ұжымы өз үлестерін қосты.

Лагеріміздігі оқушыларымыз  соңғы күнінде  «Kids Park» ойын алаңына да барды. Ондағы мақсатымыз: балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, өздеріне жаңа дос табуына үлес қосу. Сыныптастарымен етене араласып, ортада өзін еркін ұстауға үйрету. Балаларды шапшаңдылыққа, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. 

        Қорыта айтқанда:  Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы алаңының  1-ші айналымы өз жұмысын аяқтады. Оқушылар демалу кезінде жақсы көңіл-күйге бөленіп, ой – өрістері дамытылып, талай танымдық дүниелермен танысып, денсаулықтары сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, қызығушылықтары арта түсті және көңілдерінен шықты. Ол үшін педагогикалық ұжым, яғни мектебіміздің бастауыш сынып   мұғалімдері ұйымдасқан түрдегі жұмыстарын ерекше атап айтуға болады. 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив