Қазақ тілі пән мұғалімдеріне арналған «Заманауи әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі пән мұғалімдеріне арналған «Заманауи әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті
15
ноябрь
2017

Қазақ тілі пән мұғалімдеріне арналған «Заманауи әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті

Талдықорған қаласы Абай атындағы орта мектеп –гимназиясында «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Заманауи әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарды «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Касенова Самал ашып, қатысушыларды қазіргі жаңартылған оқу бағдарламасын игерудегі заманауи әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу жолдарына тоқталды. Қаламыздың №16 орта мектебінің мұғалімі Даутова Айгүл Абдикеримовна «Әдебиет пәніндегі ұтымды стратегиялар» , Жамбыл ауданы, С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мұғалімі Қалдыбаева Гүлнұр Мұратбаевна «5-7 сыныптардағы жаңартылған білі беру аясында белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалану», Жамбыл ауданы , Н.Құтпанбетұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Қалтабаева Гүльмира Сериковна «Қазақ әдебиеті сабағында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану», Текелі қаласындағы №5 орта мектеп мұғалімі Ералиева Жазира Базаралықызы «Қазақ халқының даналығы көрініс тапқан жыр» , Талдықорған қаласының №5 орта мектеп мұғалімі Оспанова Бану Сагиевна «Киіз үй» , қаламыздың №4 орта мектебігің мұғалімі Иембергенова Гүлнар Қаймолдановна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту», №16 орта мектептің мұғалімі Ақмолданова Жұлдыз Қабдешовна «Қазақ тілі менн әдебиет сабақтарында рефлексия жасау арқылы жеке тұлғаның қабілеттері мен ерекшеліктерін тану» тақырыбында таныстырылым жасап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың кеінші бөлігі шебер-сыныптарға арналды. Талдықорған қаласы, Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының мұғалімдері: Касенова Назым Абилжанатовна «Оқушының коммуникативтік дағдысын қлыптастыру жолдары», Қайрамбаева Асыл Кенжебекқызы «Ойын арқылы оқыту тәсілдері», Турысбекова Сауле Жанатовна «Оқушыларды графикалық органайзерлер арқылы жобалауға үйрету жолдары», Куспекова Гульмира Аманбековна «АКТ-ны қолдану арқылы оқушының қызығушылығын арттыру әдістері» , Қабылқақова Индира Гализатовна «Кейс – стади – іскерлік дағдыны қалыптастырудың тиімді тәсілі», Хамитулданова Айгул Акибековна «Тілді дамытудағы креатив», Абдилдаева Айнур Бейсенғалиқызы « Проблемалық оқыту – логикалық тәсілдің негізі» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Шебер-сыныпқа қаламыздың №2,11,20 мектептерінен келген ұстаздар да өз тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы семинарға облысымыздың ТАлдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен Сарқан, Ақсу, Жамбыл, Қаратал, Көксу, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарынан 40-тан аса адам қатысты.

Қазақ тілі пән мұғалімдеріне арналған «Заманауи әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті


Қазақ тілі пән мұғалімдеріне арналған «Заманауи әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив