04
февраль
2025
«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында құқық қорғау мамандарымен кездесу
Бүгін мектебімізде «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында құқық қорғау мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесуге Жетісу облысы Полиция Департаментінің полковнигі Құсаинов Сарқытбай Закирович, сонымен қатар Облыстық психологиялық қолдау орталығы мамандары қатысты. Іс-шара мектептің барлық әлеуметтік желілеріне жарияланып, Жетісу телеарнасынан көрсетіледі.


