«Ер есімі – ел есінде»
2025 жылдың 10 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ауған соғысы - 1979 - 1989 жылдар арасында созылған КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды.Он жылға созылған Ауған соғысында 620 мыңға жуық Кеңес әскерлері қатысты, оның ішінде Қазақстаннан Ауған соғысына 22269 жауынгер қатысты. Оқырмандарға «Ер есімі – ел есінде» кітап көрмесі таныстырылып, кітапханашы Фатима Бектемисова Ауған соғысы жайлы баяндады. Шараға Абай атындағы №1 орта мектеп гимназиясының 8 сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге қатысты.
