28
февраль
2025
«Бала қауіпсіздігі-басты назарда», «Құқық пен тәртіп» тақырыптарында өткен ұлдар жиналысы
2025 жылдың ақпан айының 28 жұлдызында мектеп директоры А.Айдымбаеваның қатысуымен 5-6 сыныптар арасында ұлдар жиналысы өткізілді. Ұлдар жиналысының мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әр құқықбұзушылықтың артында жауапкершілік пен жаза болатынын түсіндіру, мектеп ережесін қатаң сақтау болды. Елімізде кәмелетке толмағандар арасында орын алып жатқан құықбұзушылықтар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар осы мәселеге қатысты өз пікірлерімен бөлісті.
