Іс-шаралар » Страница 23 » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Төтенше жағдайға қарсы, өрт қауіпі мен радиациялық уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары
28
сентябрь
2023
Төтенше жағдайға қарсы, өрт қауіпі мен радиациялық уланудың алдын алу
2023-2024 оқу жылы Діни экстремизм алдын алу, антитеррорлық іс – қимылды пысықтау, және төтенше жағдайға қарсы, өрт қауіпі мен радиациялық уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұнда адамдарды сыртқа шығару және төтенше немесе өрт бола қалған жағдайдағы дайындық оқу жаттығудың іс-қимылдары пысықталды. Атаулы шараға мектепте қызмет атқарып жатқан және сабақ үстіндегі мұғалімдер және бірінші-екінші ауысымдағы оқушылар, персоналды қызметкерлер қатысты.
«Мақал – сөздің мәйегі» атты қалалық байқау
27
сентябрь
2023
«Мақал – сөздің мәйегі» атты қалалық байқау
Бүгін «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» ұйымдастыруымен «Мақал – сөздің мәйегі» атты қалалық байқауы өтті. Байқауда мектебіміздің 9б сынып оқушысы Джангабылова Фариза ынталандыру жүлдесін иеленді.
Полиция инспекторларымен кездесу
19
сентябрь
2023
Полиция инспекторларымен кездесу
Бүгін, яғни 19.09.2023 жыл күні мектебімізде 9-10 сынып оқушыларымен Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторлары аға лейтенант Тұрсынова Дана мен полиция капитаны Канатбеков Руслан құқық бұзушылықтың алдын алу;  жол жүру ережелерін сақтау;  буллингтің алдың алу;  есірткі заттарының зияны;  хабар ошарсыз кету деректері;  Жыныстық тиіспеушілік;  Суйцид тақырыбына әңгімелесу өткізілді.
Жолда жүру ережесің біліесің бе?
19
сентябрь
2023
Жолда жүру ережесің біліесің бе?
1-5сыныптар арасында "Жолда жүру ережесін білесің бе?" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Дінтанушы мамандармен кездесу
19
сентябрь
2023
Дінтанушы мамандармен кездесу
19.09.2023 жыл күні мектебімізде 7-8 сынып оқушыларымен Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушы мамандары Танысбаев Саят Слямжанұлы мен Нұртай Жұмақали «Деструктивті діни ұйымдар туралы түсінік және олардан сақтану жолдары», " Дін өкілдерінің жемқорлық туралы пікірлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді. 
"Дүниежүзілік тазалық күні" экологиялық акциясы
16
сентябрь
2023
"Дүниежүзілік тазалық күні" экологиялық акциясы
Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында "Дүниежүзілік тазалық күні " экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты: қоғамның назарын табиғатты сақтаудың маңыздылығына аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
“Адалдық сағаттары”
15
сентябрь
2023
“Адалдық сағаттары”
15.09.2023 күні «Абай атындағы №1 орта  мектеп-гимназиясы» КММ бойынша Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылды мектеп партасында қалыптастыру бағытында жас ерекшеліктеріне сәйкес 1-11 сыныптар аралығында “Адалдық сағаттары” өткізілді.
Отбасы күні
08
сентябрь
2023
Отбасы күні
Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында 08.09.2023 жылы Отбасы куніне орай  1-2 сыныптар арасында "Менің бақытты отбасым" такырыбында отбасылық сурет көрмесі ұйымдастырылды. 7-10 сыныптар арасында “Ата-ананы құрметтеу - адамзаттың борышы” атты такырыбында оқушылар эссе жазды .
“Білімді ұрпақ - ел болашағы” атты ашық есік күні
06
сентябрь
2023
“Білімді ұрпақ - ел болашағы” атты ашық есік күні
Бүгін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен білім күніне орай кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын, көркем әдебиетке деген құштарлығын арттыру мақсатында “Білімді ұрпақ - ел болашағы” атты ашық есік күні өтті.  Аталған іс-шараға мектебіміздің 7 сынып оқушылары қатысты.
« Тіл – халық қазынасы»
05
сентябрь
2023
« Тіл – халық қазынасы»
Мектеп кітапханасы « 5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне « Тіл – халық қазынасы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Онда оқушыларға кітап қорындағы тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтел, қазақтың шешендік сөздері, ақын- жазушылардың қазақ тілі туралы шығармалары қойылып, ұсынылды. Мақсаты: Оқушыларды тіл туралы әдебиеттерді насихаттау, өз ана тіліне құрметтпен қарау.