Іс-шаралар » Страница 28 » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мен алғыс айтамын!» челленджі
01
март
2023
«Мен алғыс айтамын!» челленджі
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы  аясында, 19.02.2023-01.03.2023 уақыт аралығында мектебімізде 8-10 сынып оқушылары арасында «Мен алғыс айтамын!» челленджі өткізілді.  Челлендж барысында оқушылар ата-аналарына, ұстаздар қауымына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Үздік бейнероликтер мектебіміздің инстаграм парақшасында жарияланды.
«1 наурыз-Алғыс айту күні»-
01
март
2023
«1 наурыз-Алғыс айту күні»-
2023 жылдың 1 наурыз күні мектебімізде "Алғыс айту" күнін атап өту мақсатында, мектепшілік іс-шара ұйымдастырылды. Барлық ұстаздар мен оқушылар ұлттық нақыштағы киім үлгісін киіп келді. Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымымен "Бауырсақ Party"  ұйымдастырылды. Бастауыш сынп оқушылары ән айтып, ұстаздарын күтіп алды.  Іс-шараның мақсаты: оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық
Төлен Әбдіктің шығармаларының оқырмандар конференциясы
28
февраль
2023
Төлен Әбдіктің шығармаларының оқырмандар конференциясы
2023 жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылады, осыған орай С.Сейфуллин атындағы Жетісу облысының орталық кітапханасы ұйымдастырған оқырман конференциясы өткізілді.  Іс-шараға біздің мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысып, оқушылар өз  өнерлерін  көрсетті.
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы»  жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы
22
февраль
2023
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы  аясында, 19.02.2023-01.03.2023 уақыт аралығында мектебімізде мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Мектепішілік турнирдың басты мақсаты үздік спикерлерді анықтап, қалалық кезеңге дайындау,  салауатты, мәдени, еркін және жауапты тұлғаны дамыту . Орыс, қазақ тілді лигалары бойынша барлығы 7 команда қатысып, үздіктері арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
"Алтын жүрек"
21
февраль
2023
"Алтын жүрек"
Алғыс айту күніне арналған "Алтын жүрек" республикалық челленджі аясында , Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының Мектеп парламенті өзін-өзі басқару  ұй ымымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы.  Қайырымдылыққа ат салысқан мектебіміздің барлық оқушыларына үлкен алғыс білдіреміз! Ниеттеріңіз қабыл болсын!
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы»  жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы
20
февраль
2023
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру
1 наурыз-Алғыс айту күніне орай, «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы   аясында, 19.02.2023-01.03.2023 уақыт аралығында мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен мектепте «Мейірімді жүрек-жылы тілек» атты акция ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты мектеп қызметкерлірінің, оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,  өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Акция барысында
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы»
14
февраль
2023
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы»
1 наурыз-Алғыс айту күніне орай, «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы   аясында, мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен мектепте «Қолөнер-тәрбие көзі» атты көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу .  
Ризашылық- мейірімділік бұлағы” жобасы
10
февраль
2023
Ризашылық- мейірімділік бұлағы” жобасы
Мектеп Парламенті өзін-өзі басқару ұйымымен “Ризашылық- мейірімділік бұлағы” жобасы аясында “Алғыс айту-парызымыз” атты тілектер тақтасы ұйымдастырылды. Мектебіміздің екінші қабатында өз жақындарыңызға алғысыңызды айтып, ізгі тілектер қалдырсаңыздар болады!!!
Ғали Ормановтың 115 жылдығы
31
январь
2023
Ғали Ормановтың 115 жылдығы
М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи өлкетану мұражайында Ғали Ормановтың 115 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Мектебіміздің оқушылары  көрмеге барып, өз білімдерін кеңейтті.
«Нашақорлыққа жол жоқ!»
27
январь
2023
«Нашақорлыққа жол жоқ!»
«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпан айында 7-8 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» қабырға газеттер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты жасөспірімдерге нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, есірткі заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, оқушыларды саналы да, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Оқушылар байқауға белсенділікпен ат салысты.