ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ
02
сентябрь
2020

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ

  Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.
 Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
 Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған.
 Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
 Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп тап өткен.
 Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.
 Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
 Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыс бойынша 40 805 оқушыға 3211 кезекші сынып құрылды. Штаттық режімде - 12 228 оқушы оқуды бастайды.
 Жалпы, облыс бойынша - 426 958 оқушы, оның ішінде, бірінші сыныпқа – 45 965 оқушы барады.



НОВЫЙ УЧЕБНЫЙ ГОД НАЧАЛСЯ С УРОКОВ ДОБРОПОРЯДОЧНОСТИ НА ТЕМУ: «ХОДЖА АХМЕД ЯСАВИ:
 ПО ПУТИ СПРАВЕДЛИВОСТИ»
 

 Сегодня по инициативе Агентства по противодействию коррупции при поддержке Министерства образования и науки в честь Дня знаний
 во всех учебных заведениях страны проходит единый онлайн общереспубликанский «Час добропорядочности».
 Основная цель мероприятия – формирование у подрастающего поколения антикоррупционной культуры и привитие важнейших нравственных ценностей: честность, справедливость, порядочность
 и доверие.
 Онлайн-лекция посвящена разъяснению принципа справедливости великого мыслителя Туранской степи XII века Ходжа Ахмеда Ясави.
 Роль Ясави в развитии тюркского мира неоспорима, в последствии его наследие сыграло огромную роль в становлении дружественных отношений между тюрскими государствами.
 Лидер нации Н.А. Назарбаев отметил, что духовное наследие
 Х.А. Ясави определило систему духовных знаний всей Центральной Азии, в частности Казахстана и всех тюркских государств.
 В видео-лекциях учащиеся и студенты знакомятся с изречениями великого мыслителя, собранными в «книге мудрости» – Диуани-Хикмет, призывающими к таким человеческим ценностям, как честность
 и справедливость, добропорядочность и скромность, доброта
 и благоразумность.
 Видео-урок при поддержке Министерства информации
 и общественного развития транслируется в эфирах республиканских
 и региональных телеканалов, а также размещен на Youtube-канале Агентства и в социальных сетях.
 В связи со сложившимися эпидемиологическими условиями по области созданы – 3211 дежурных классов для 40 805 учащихся. В штатном режиме начнут обучение – 12 228 учащихся.
 В целом, по области - 426 958 учащихся, из них, в первый класс пойдут – 45 965 учащихся.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив