"Ұлы даланың жеті қыры" » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2018

"Ұлы даланың жеті қыры"

2018 жылдың 24 қараша күні мектеп ұжымы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады. Осыдан бір жарым жыл бұрын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шықты. Бұл мақала аясында республика, облыс, қала, мектеп көлемінде де көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мақаланың «Тәрбие және білім» бөлімі бойынша мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып жүзеге асты. Өткен оқу жылының І және ІІ жарты жылдығында тәрбие жұмысының есебінде атқарылған жұмыстармен сіздер таныс болдыңыздар. Бүгінгі таңда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бұл бағдарлама ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор, өткенін мақтан тұ-тып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі деп атап өтті. Мақала екі бөлімнен тұрады.
І. тарау ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
бұл тарау 7 бағдарламадан тұрады.
1. Атқа міну мәдениеті.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі
4. Алтын адам
5. Түркі әлемінің бесігі
6. Ұлы жібек жолы
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны
ІІ бөлім Тарихи сананы жаңғырту, бұл 6 бөлімнен тұрады.
1. Архив -2025
2. Ұлы даланың ұлы есімдері
3. Түркі әлемінің генезисі
4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
5. Даланың фольклоры мен музыкасының мың жылы
6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
"Ұлы даланың жеті қыры"
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив