«Көңілді старт»
Қыс мезгілінің ерекше көрінісі-қысқы ойындар. Қыс мезгілі аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. 2018ж 20 қаңтар күні сағ.10:30-де қала сыртындағы ипподромда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астана қаласының 20-жылдығы аясында шаңғы спортын кеңінен насихаттау, мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті шыңдау, облыстық жарыстарға іріктеу мақсатында қала мектептерінің мұғалімдері арасында шаңғыдан, оқушыларына арасында «Көңілді старт» өтті.