«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
Әдеби-танымдық іс-шара ІV бөлім бойынша жоспарланып өтті. І бөлім мектеп алдындағы алаңға мемлекеттік Туды кіргізуден басталды. Мұнда дәстүрлі түрде өтетін қалалық «Жас Ұлан» спорттық жарысының 5 мәрте жеңімпаздары, мектебіміздің мақтаныштары «Жас Ұлан» жасағы саптық көрініс көрсетті. 1, 4, 6, 8, 10-сынып оқушыларының құрылған би тобы «Қара жорға», 1,3-сынып оқушылары «Гүлдер», 2-сынып оқушылары «Құстар» биін билеп, 9-сынып ұлдары «Рухани жаңғыру» композициясын құрды. Шараның кіріспе бөлімінде