«Адалдық - ардың ісі» сурет көрмесі » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 24-52-93
Бухгалтерия
+7(7282) 24-52-93
Версия для
слабовидящих
» » «Адалдық - ардың ісі» сурет көрмесі
14
ноябрь
2019

«Адалдық - ардың ісі» сурет көрмесі

«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарына сай қазан айында мектеп оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық – ардың ісі» атты суреттерінің көрмесі өтті. Көрмеде мектеп оқушыларының 20-дан астам жемқорлыққа қарсы үздік суреттері қойылды. Көрмені мектеп оқушылары тамашалап, сыбайлас жемқорлықтың зияндылықтары түсіндірілді. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру. Көрме барысында үздік сурет салған оқушылар анықталды:
І орын: 8 «б» сыныбы
ІІ орын: 5 «а», 8 «в»сыныптары
ІІІ орын 6 «б», 7 «б» сыныптары мақтау қағаздарымен және белсене қатысқандары үшін 5 «в» сыныптары марапатталды.

«Адалдық -  ардың ісі» сурет көрмесі
«Адалдық -  ардың ісі» сурет көрмесі
«Адалдық -  ардың ісі» сурет көрмесі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив