26
март
2018
"Наурыз Аруы-2018"
Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген. Барынша ізетті,сыпайы,мейірімді де ісмер, қылықты қызымыз болуын үнемі қадағалап отырған. Қыз баланың бойында адамгершілік қасиетті дамыту, руxани бай болуына ықпал ету, биязылық, кішіпейілділік, білімділік дағды қабілеттірін байқау мақсатында мектебімізде 7-10 сынып қыздары арасында мектепішілік "Наурыз Аруы-2018" қыз сыны байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары марапатталды.