Жаз – 2022ж, Мектеп жанындағы «Қарлығаш» жазғы алаңының жұмысы » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 24-52-93
Бухгалтерия
+7(7282) 24-52-93
Версия для
слабовидящих
» » Жаз – 2022ж, Мектеп жанындағы «Қарлығаш» жазғы алаңының жұмысы
15
июль
2022

Жаз – 2022ж, Мектеп жанындағы «Қарлығаш» жазғы алаңының жұмысы

Жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы «Қарлығаш» жазғы алаңында 3 аусымда 200ден аса  оқушы болды. Жазғы алаңның 1-ші ауысымы  өз жұмыстарын 13 маусымнан - 24маусымға дейін жүргізсе, 2 –ші маусым 27.06-1.07 аралығында, ал 3-ші маусым өз жұмысын 04.07.-15.07 аралығында жұмыс атқарды. «Қарлығаш» жазғы алаңында әр кезеңде 6-7 топтан және әр топта 10-12оқушыдан тәрбиешілердің жауапкершілігіне алынды. Школьникам қауіпсіздік техникалық ережелер түсіндіріліп отырылды. (саяхат кезінде оқушылардың өзін-өзі ұстаулары, жол ережелерін ескерулері, бассейнде, кинотеатрларда ұстанатын кауіпсіздік ережелері т.б. ). Жазғы алаңда жауапты басшылар мен педагогикалық тізім:мектеп директоры -С.С. Долаев,  лагерьге жауапты директордың тәрбие-жөніндегі орынбасары- Н.Б. Нурбатырова,1-ші айналым бойынша лагерь басшысы А.Қ. Ахан, 2-кезең бойынша Д.С.Ким , 3 кезең бойынша Тұрсынбай Е.Р. болды. Топ атаулары да әр түрлі болды. Мысалға: «Ұландар», «Қыран», «Сұңқар», «Солнышко», «Орлята», «Радуга». Әр ауысымда бекітілген күн тәртібі және өз жоспары құрылып бекітілді. Құрылған жоспар толық орындалды, күнделікті жоспарланған іс-шаралар жоспар бойынша өтті. Оқушылардың демалысын және бос уақытын ұйымдастыруда төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды: шығармашылық, танымдылық, көңілді спорттық ойындар,экологиялық тәрбие (саяхаттар ұйымдастыру), қызығушылықтары бойынша жұмыс, тұлғасын дамыту, дене және психикалық, эмоционалдық тұрғыда денсаулығын жақсарту, табиғатты қорғауға баулу. Денсаулықтарын нығайту, бұлшықеттерін дамыту негізінде күнделікті ән ырғағы арқылы таңғы жаттығулар өткізілді. Оған жауапты дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Амирова Е.Калиев Е. Назенко Е  болды. Бекітілген жоспарға сәйкес лагерь демалушылары күн сайын әр түрлі саяхаттар жасады және олармен әр түрлі тақырыпта әңгімелер жүргізіліп отырылды. Олар: «Отбасы - бақыт мекенім», «Жол тәртібін білейік, аман –есен жүрейік», «Салауатты өмір салтын сақтайық», «Қауіпсіз саябақ», «Менің қалам». Лагердің алғашқы күнінде«Қарлығаш» жазғы алаңының ашылуы өтткізіліп отырылды. 

Оқушылар жоспар бойынша «Асыл тау» ойын алаңына саяхатжасады. Мақсаты: «Асыл тау» ойын алаңында балаларымыздың сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін  денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануды үйрету. 

Оқушыларды жоспар бойынша «М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану»  мұражайына саяхатқа барды.

Мақсатымыз: «Ұлы дала-ұлағаты» тақырыбында қаламыздағы тарихи-өлкетану мұражайындағы тарихи деректер мен экспонаттарды өз көздерімен көріп, дүниетанымдарын кеңейту. Мұражай ішіндегі мінез – құлық ережелерін ұстану, тарихи деректермен экспонаттар, көне мұра ретінде сақтау үшін қолмен ұстауға болмайтындығы, фотосуретке түсіру алдында рұқсат сұрау керек қажеттілігі, қажет мәліметтерді жазып алу үшін қағаз, қалам алу болатындығы алдын ала ескертіледі.

Демалысымыздың бір күнінде мектебімізге  «Театр әлемі» келді. «Жол ережесін білесің бе?» атты тақырыбында қойылым көрсетті.

Лагердегі бір күнді сондай-ақ «Оқушылар сарайына» баруға арнадық. Оқушылардың уақыттарын қызықты өткізуге«Таңғажайып әлем»танымдық саяхат тақырыбында Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы  өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар лагерь қызықты өту үшін балалар «Менің қалам» тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап берді.  Сұрақ-жауап:  - Біз қай мемлекетте тұрамыз? Қазақстанның астанасы қай кала?Қандай қалаларды білесіңдер?Талдықорған қаласының өзінің ерекшелігі? т.б.


      Оқушылар жоспар бойынша «Ардагерлер саябағына» саяхат жасады. 

Мақсаты: «Қауіпсіз саябақ» тақырыбында ережелермен таныстыру. Балалардың табиғат тынысы туралы түсініктерін тереңдету. Табиғат тазалығы мен көркемдігінің адамзатқа тигізер зор пайдасын, үйлесімі мен құндылығын түсіндіру. Табиғатты сүюге, аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Лагерде оқушылардың уақытын қызықты өткізу мақсатында жоспарға сәйкес оқушыларды қаламыздағы Тропикано «Ирбис» бассейнне апардық. Мақсатымыз: Школьникам адам баласына денсаулық ең қымбат ең қажетті байлық екенін түсіндіру. Балаларымыздың сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін  денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануды үйрету. Школьникам сонымен қатар су алаңындағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді.

Лагеріміздігі оқушыларымыз әр түрлі кинотеатрларға да барумен жалғасын тапты. Олар: «Атамекен» мен «City Plus»  кинотеатрлары. 

Ондағы мақсатымыз: балаларымыздың ойлау, тыңдау, көре білу қабілеттерін дамытып, мәдениеттерін шыңдау еді. Сонымен қатар дүниетанымдарын дамыту. Мәдениет орындарында әдептілікті сақтауға үйрету. Кино залындағы ережелерді ұстану (экранға жақындап, қолмен ұстамау, дауыстап айғайламау, эскалатормен жүргенде жүгірмеу т.б.).

Лагердегі демалысымыздың соңғы күнін «Қош бол, қызықты лагерь!» атты салтанатты жабылуымен аяқтады. 

Қорыта айтқанда:  Мектеп жанындағы «Қарлығаш» жазғы алаңының  3 айналымы өз жұмысын аяқтады. Оқушылар демалу кезінде жақсы көңіл-күйге бөленіп, ой – өрістері дамытылып, талай танымдық дүниелермен танысып, денсаулықтары сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, қызығушылықтары арта түсті және көңілдерінен шықты. Ол үшін педагогикалық ұжым, яғни мектебіміздің бастауыш сынып  мұғалімдері ұйымдасқан түрдегі жұмыстарын ерекше атап айтуға болады. 








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
kinostudiyawindowslive.ru
4 августа 2022 02:10
Этто приложение предназначено сайт: kinostudiyawindowslive.ru для стремительной и привлекательной перемены коротких видеороликов. Хронос-протос созданных на нем кинокартина сочиняет 60 сек. чи меньше. Для сильнее сложноватой обрабатывания а также труда со видеороликами большей длительности посчитайте в Маркетов Windows другие употребления чтобы монтажа видео.