01
ноябрь
2025
Мектеп әкімшілігінің кезекті отырысы
01.11.2025жылы Аптаның алғашқы күнінде мектеп әкімшілігінің кезекті отырысы өтті. Жиында II тоқсанның басталуына орай өзекті мәселелер мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы талқыланды. Мектеп директоры білім ордасындағы тәртіп пен тәрбиеге, оқу үдерісінің тиімді өтуіне назар аударып, осы бағытта жан-жақты жұмыстар ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеліп, жаңа тоқсанға тың серпінмен кірісу міндеті қойылды.