«Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне» сейсможаттығу
«Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне» сейсможаттығу
Мектебімізде 1-наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай сейсможаттығу ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес өткізілді. Жаттығу барысында дабыл белгісі беріліп, барлық оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, белгіленген эвакуация жолдары арқылы мектеп ғимаратынан сыртқа шығарылды. Әр сынып жетекшілері оқушыларды сапқа тұрғызып, түгелдеу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушыларға жер сілкінісі кезінде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алғашқы көмек көрсету дағдылары туралы мәліметтер берілді. Жаттығу барысында тәртіп пен ұйымшылдық жоғары деңгейде көрініс тапты. Аталған іс-шара оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету қабілетін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.
