13
март
2026
«Суды үнемде – болашақты сақта!»
«Суды үнемде – болашақты сақта!» атты жаппай сынып сағаттары өткізілді.
Мектебімізде «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында жаппай сынып сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Сынып сағаттары барысында оқушыларға судың адам өміріндегі және табиғаттағы рөлі туралы кеңінен мәлімет беріліп, суды үнемдеудің қарапайым тәсілдері түсіндірілді.
Оқушылар тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, экологиялық мәселелерге деген көзқарастарын білдірді. сурет салып, шығармашылық тапсырмалар да орындалды.
Аталған сынып сағаттары оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, суды үнемдеуге деген саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
