14
март
2026
Көрісу күні
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және «Наурызнама» жоспарына сәйкес 14 наурыз – Көрісу күніне бастауыш сынып оқушылары арасында ерекше іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар бір-бірін жылы, құшақ жая қарсы алып, Көрісу күнінің мән-маңызын насихаттады. Бұл күні оқушылар бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, амандық-саулық сұрасып, ұлттық дәстүрді дәріптеді.Аталған шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, бірлік пен сыйластықты нығайтуға бағытталды.