Ұлттық кітап күні
Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 20 сәуір күні қала мектептерінің 8-10 сынып оқушылары арасында қазақ және орыс тілдерінде «Head Play» - «Жаңа санаға жол» атты командалық интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
23 сәіур – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған ойынның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зияткерлік деңгейін арттыру, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту, сондай-ақ командалық жұмыс мәдениетін жетілдіру. Сонымен қатар, қатысушылардың еркін ойлау, сөйлеу және өз ойын нақты жеткізу қабілеттерін дамыту көзделді.
Іс-шараға Талдықорған қаласындағы №1,2,5,10,11,12,15,16,19,21,28ІТ мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасынан іріктелген командалар қатысты. Әр мектептен 8 оқушыдан құралған 11 команда бақ сынап, өзара білім, тапқырлық және шапшаңдық бойынша жарысты. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: логикалық сұрақтар, блий-турнир, шығармашылық тапсырмалар және командалық талқылауды қажет ететін күрделі тапсырмалар. Қатысушылар әр кезеңде өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, топпен жұмыс істеу қабілеттерін де дәлелдеді.
Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болады. Ойын нәтижесі бойынша І орынды №12 мектеп оқушылары жеңіп алса, ІІ орынды №28 ІТ мектеп, ал ІІ орынды №1 мектеп командасы иеленді.
Бұл интеллектуалды ойын оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.
