Іс-шаралар » Страница 4 » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық Құстар күні
01
апрель
2026
Халықаралық Құстар күні
2026 жылғы 1 сәуір күні «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы КММ базасында  Халықаралық Құстар күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шараның мақсаты – оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.  Іс-шара барысында оқушыларға құстар туралы танымдық ақпараттар берілді. Сонымен қатар құстарға ұя жасау акциялары ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысты. Шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысып,
Шебер класс
31
март
2026
Шебер класс
Облыстық директордың оқу ісі, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына арналған белсенді топ шебер класс алаңына мектебімізден ДҒӘІЖ орынбасары Серикова Зура Сайыновна бірлескен командамен қатысып, І орынды жеңіп алды.  
«Кітаппен келген көктем»
29
март
2026
«Кітаппен келген көктем»
Көктемгі демалыс жоспары аясында «Кітаппен келген көктем» атты челлендж ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізуге баулу және көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болды. Іс-шара оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.
Ұлттық ойындар күні
20
март
2026
Ұлттық ойындар күні
Наурызнама онкүндігіне орай, мектебімізде Ұлттық ойындар күні өткізілді. Іс-шарада асық ату, арқан тартыс, бұқа тартыс, 5 тас сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, оқушылар белсене қатысты. 
Цифрлық трансформация, зияткерлік ойындар және робототехника
19
март
2026
Цифрлық трансформация, зияткерлік ойындар және робототехника
Мектебімізде «Наурызнама» онкүндігі аясында «Жаңару күніне» орай цифрлық трансформация, зияткерлік ойындар және робототехника бағыттары бойынша кешенді іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру, цифлық сауаттылығын дамыту, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Іс-шара барысында оқушыларға цифлық трансформацияның маңыздылығы туралы айтылып, оқушылар түрлі ІТ-жобаларын қорғады. Сонымен қатар, зияткерлік ойындар
Ұлттық киім күні
18
март
2026
Ұлттық киім күні
«Ұлт рухының шағылысы» атты Ұлттық киім күні – ата-бабамыздың асыл мұрасын ұлықтайтын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді дәріптейтін ерекше мерекеге айналды. Бұл күні оқушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын тереңірек сезінуге мүмкіндік алды. Әрбір ою-өрнек пен киім үлгісінің өзіндік мәні мен тарихы бар екені түсіндіріліп, ұлттық болмысты сақтау мен насихаттаудың маңызы айтылды.
Марапаттау жиыны
17
март
2026
Марапаттау жиыны
Бүгін мектебімізде марапаттау жиыны өткізілді. Мектебімізде тоқсан қорытындысы бойынша үздік оқушыларды марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара білім мен еңбекті бағалауға, оқушыларды жаңа жетістіктерге ынталандыруға бағытталды. Салтанатты жиында оқу озаттары, түрлі байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ мектеп өміріне белсенді қатысқан оқушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. 
«Наурыз – жыл басы»
16
март
2026
«Наурыз – жыл басы»
Наурызнама жоспарына сәйкес «Наурыз – жыл басы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылар Наурыз мейрамының тарихы мен ерекшеліктері туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер – көрісу, бата беру, наурыз көже дайындау туралы ақпарат берілді.
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы
16
март
2026
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы
100 жасаған Бәйтерек, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығын атап өту мақсатында, мектеп кітапханасымен ақынның өмірі мен шығармашылығына әдеби шолу өткізілді. 
Көрісу күні
14
март
2026
Көрісу күні
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және «Наурызнама» жоспарына сәйкес 14 наурыз – Көрісу күніне бастауыш сынып оқушылары арасында ерекше іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар бір-бірін жылы, құшақ жая қарсы алып, Көрісу күнінің мән-маңызын насихаттады. Бұл күні оқушылар бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, амандық-саулық сұрасып, ұлттық дәстүрді дәріптеді.Аталған шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, бірлік пен