04
декабрь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
04.12.2025ж "Педагогикалық идеялар фестиваліне" мектебімізден 4 бағыт бойынша 4 педагог қатысып жүлделі орындарға ие болды. "Білім беру жүйесіндегі менеджмент" бағыты бойынша директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Серикова Зура Сайыновна - III орын, "Инклюзивті білім" бағыты бойынша логопед маман Кадархан Айжан- II орын, "Шеберлік палитрасы" бағыты бойынша информатика пәнінің мұғалімі Бейбитова Анар Рыспаевна- III орын, "Шығармашылық толқын" бағыты бойынша бастауыш сынып мұғалімі Жағабаева Камшат Жолдыхановна- сертификат алды. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!