Материалы за 26.11.2018 » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" Education Department of Shu district
Reception room :
+7(7282) 24-52-93
bookkeeping:
+7(7282) 24-52-93
Version for
visually impaired
"Ұлы даланың жеті қыры"
26
November
2018
"Ұлы даланың жеті қыры"
2018 жылдың 24 қараша күні мектеп ұжымы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады. Осыдан бір жарым жыл бұрын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шықты. Бұл мақала аясында республика, облыс, қала, мектеп көлемінде де көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мақаланың «Тәрбие және білім» бөлімі бойынша мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып жүзеге асты. Өткен оқу жылының І және ІІ жарты жылдығында
«Түнгі қаладағы балалар»  рейд
26
November
2018
«Түнгі қаладағы балалар» рейд
23.11.2018ж күні Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сағат 22:00 бастап «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ-сінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.М.Татенова, дене шынықтыру пәні мұғалімі Д.Мұзбаев «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ, Талдықорған ҚПБ ЖПҚ Ювеналдық полиция тобының қызметкерлерімен бірлесе «Түнгі қаладағы балалар» атты рейд жұмыстарын жүргізді.
««Өрт қауіпсіздігін сақтайық!»
26
November
2018
««Өрт қауіпсіздігін сақтайық!»
21 қараша күні сағат 12.00 - де мектептің мәжіліс залында – оқушыларға өмір қауіпсіздік ережелерін таныстыру, сақтау мақсатында 6 «Б» сынып жетекшісі И.Ғ.Кабылкакованың ұйымдастыруымен ашық сынып сағаты өтті. Оқушылар өрт қауіпсіздік ережелерін, өрттен сақ болудың жолдарын қатысып отырған оқушыларға айтты. Сынып сағатының тақырыбын ашуда оқушылар өлең оқып, қойылымдар қойды.
«Үштілділік – заман талабы»
26
November
2018
«Үштілділік – заман талабы»
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. Келешекке терең біліммен қадам басып, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр. Сондай мақсатпен 4 «Б» сынып жетекшісі Ж.Д.Рахжанова «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар үш тілде ән айтты, өлең оқыды, қойылым қойды.