«Абайла балақай!»
Талдықорған қаласы «Абай атындағы №1 орта мектеп - гимназиясы» КММ бойынша мектеп инспекторы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бастауыш сынып оқушыларымен «Абайла балақай!» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Мектеп инспекторы оқушыларға жол жүру кезіндегі қауіпсіздік жайлы, бағдаршам және жаяу жүргіншілер жолы арқылы ғана өту керектігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.