“Білімді ұрпақ - ел болашағы” атты ашық есік күні
Бүгін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен білім күніне орай кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын, көркем әдебиетке деген құштарлығын арттыру мақсатында “Білімді ұрпақ - ел болашағы” атты ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға мектебіміздің 7 сынып оқушылары қатысты.