9-11 сынып оқушыларымен кездесу
Біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделген жылдық жоспарға сәйкес, ҚР БП ҚСжАЕКА-нің Жетісу облысы бойынша Департаментінің аға прокуроры Омарханов Талғат Әскербекұлымен 9-11сынып оқушыларымен үлкен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында нашақорлықтың алдын алу, оқушылар мен жасөспірімдер арасында алаяқтық фактілерге байланысты қылмыстық құқықбұзушылық ережесі және жол қауіпсіздігін сақтау туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.