Отбасы-бақыт аясы
3-қыркүйек күні психологтар А.Кылышбаева мен Ж.Манатбекованың қатысуымен мектептегі некеге тұруды жоспарлап отырған жас мамандар үшін дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты жастардың отбасын құру, оның негізгі мәселелері мен жас жұбайлардың отбасылық өмірге әлеуметтік бейімделуі туралы көзқарастары мен пікірлерін анықтау болды. Жас мамандар өз ойларымен ашық бөлісіп, маңызды сұрақтарға жауап алды. Психологтар өз кезегінде жастарға психологиялық қолдау көрсетіп, әр түрлі қызықты тренингтер өткізді.