03
March
2022
Семинар
Талдықорған қаласы «Абай атындағы №1 орта мектеп - гимназиясы» КММ бойынша 8 – 11 сыныптар арасында Алматы облысының ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Р.Б.Акашева, дәрігердің көмекшісі И.Б.Баймолдановпен семинар кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылардың назарын АИТВ мәселесіне аудару. Сондай – ақ, АИТВ инфекциясының пайда болу себептері мен алдын алу мәселелері, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы туралы, есірткі заттарын қолданудың салдары, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік туралы хабардар болу деңгейін арттыру жайында лекция жұмысы жүргізілді.